«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
– Рымғали Нұрғалиев
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады.
Зейнолла Қабдолов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан, із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздық
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін болады.
Қайым Мұхамедханов
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
– Сәкен Сейфуллин
А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
– Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
– Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
AHMETTANU.KZ
Қасым Тыныстанов (1901-1937) – Қырғыз АКСР Халық ағарту комиссары міндетін атқарған мемлекет қайраткері, алғашқы қырғыз ұлттық әліпбиінің авторы, қырғыздың білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан ағартушы, ақын, публицист, ғылым қайраткері. Ол 1924 жылы Байтұрсынұлы әліпбиі негізінде Қырғыз әліппесінің алғашқы нұсқасын дайындады, бұл – оның ғылыми-ағартушылық ғұмырындағы ізашар еңбегі (Тыныстанов, 1924). Осыдан кейін ғалым қырғыз білім беру саласында, ғылым майданында тоқтаусыз еңбек етті. 1926 жылы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Бүкілодақтық 1-түркологиялық құрылтайға Түркістан АКСР Қырғыз автономиялы облысы атынан Б.Данияровпен бірге қатысып, Съезд президиумынан орын алды (президиумға 131 ресми делегаттың ішінен 22 адам сайланған) және латын әліпбиі туралы баяндама жасады (ПВТС, 291-293).
Қ.Тыныстанов еңбектерінің көп бөлігі Мәскеуде, Ленин атындағы мемлекеттік кітапхана (РГБ) қорында сақталған. Аталған қордан біз ғалымның онға жуық кітаптарының суреткөшірмесін елге жеткіздік. Олардың қатарында: «Оқу кітабы» (Тыныстанов, 1924: 92), «Оқу-жазу біл» (Тыныстанұлы, 1927: 48), «Ене тілі» (Тыныстанұлы, 1928:57) «Жаңа ауыл» (Тыныстанұлы, 1929:74), «Қырғыз әдеби тілі жаңа емлесінің жобасы» (Тыныстанов, 1934:44), «Қырғыз тілінің морфологиясы» (Тыныстанов, 1934: 82), «Қырғыз тілінің синтаксисі» (Тыныстанов, 1936: 138), «Терминдер» (Тойшыұлы, Тыныстанұлы, 1933: 111) еңбектері бар. Ленин атындағы мемлекеттік кітапханадан ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектерінің ғана көшірмесі алынды. Өзге еңбектері мен құжаттары індете зерттеу жүргізсе, әлі де табылатыны анық. Аталған еңбектер Қ.Тыныстановтың ғылыми-лингвистикалық танымын, қырғыз тіл білімінің қалыптасуына ықпалын, А.Байтұрсынұлының лингвистикалық мұрасымен байланысын ашуға жеткілікті дереккөз бола алады.
Қасым Тыныстанов
Қасым Тыныстановтың ғылыми еңбектері:
1. «Оқу кітабы» (1924 ж.): Бұл еңбек 93 беттен тұрады. Кітапта мектеп оқушыларының арналған түрлі ертегілер, әңгімелер, дидактикалық материалдар, жан-жануар, құстар туралы қысқаша ақпараттар, қырғыз өмірі мен тұрмысына қатысты сұрыпталған оқу мәтіндері берілген. Еңбек 1923-1924 жылдардағы қырғыз орфографиясымен жазылған.
2. «Оқу-жазу біл» (1927 ж.) Бұл еңбек 50 беттен тұрады. Екі бөлімнен құралған, алғашқы бөлігінде қырғыз тілінің 23 әріптен тұратын әліппесі және оның оқуға-үйренуге ыңғайлы етіп түзілген таңбалары түрлі суреттер арқылы берілген. Екінші бөлімде қырғыз елінің өмірі мен тұрмысына, тарихына, санитарлық медицинаға, Қырғыз АКСР-дың жері мен халық санына, кеңес үміметі мен паритяға қатысты 1-1,5 беттік көптеген мәтіндер берілген.
3. «Ене тілі» (1928 ж.): Бұл еңбек 55 беттен тұрады. Еңбек қырғыз тіліндегі дыбыстар мен олардың түрлері, оны таңбалайтын қаріптері және фонетикалық (фонологиялық) ерекшеліктері берілген. Сондай-ақ Қырғыз тіліндегі түбірге қосып жазылатын жұрнақтар және оның түрлері, үндесім варианттармен түбірге жалғану ерекшеліктері туралы жазылған.
5. «Қырғыз тілінің синтаксисі» (1936 ж.): Бұл кітап 138 беттен тұрады. Оқулық мектептің 6-7-8 сыныптарына арналған. Еңбекте қырғыз тілінің синтаксистік жүйесі, сөйлем синтаксисі, сөйлем түрлері, оның ішінде жай сөйлем, жайылма сөйлем, құрама сөйлем, сөйлем мүшелері (баяндауыш, баяндауыш, пысықтауыш), жақтар (1-, 2-, 3-жақ), Үнді атаулар, құрама атаулар т.б. синтаксистік мәселелер туралы айтылған және оны түсіндіруге арналған көптеген мәтіндер берілген.
4. «Жаңа ауыл» (1929 ж.): Бұл еңбек 74 беттен тұрады, бастауыш мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Кітапта балалар әдебиетіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, мәтіндер берілген. Олардың ішінде қырғыз тұрмысы мен жыл мезгілдері (жаз, күз, қыс, көктем), төрт түлік мал, аң-құс, мал шаруашылығы, егіншілік, коммунистік партияның негізгі бағдарламалары мен идеологиялық мәтіндер берілген.
7. «Терминдер» (1933 ж.): Бұл еңбек 111 беттен тұрады. Қоғамдық-экономикалық терминдерге арналған. Бұл еңбекті құрастырушы ретінде Тойшинов пен Тыныстанов көрсетілген. Бұл кітап терминологиялық комиссиядан өтіп, оқу-ағарту комиссарияты бекіткен терминдерден түзілген.
6. «Қырғыз тілінің морфологиясы» (1934 ж.): Бұл еңбек 88 беттен тұрады. Мектептің 5-6 сыныптарына арналған қырғыз тілінің морфологиясы туралы білімдер жинақталған. Оның ішінде жұрнақтар, жалғаулар, сөйлем мүшелері мен түрлері, сөйлемдер мен олардың түрлері, сөз таптары және оның түрлері, етістер, есімдер, сөздердің құрылысы туалы лингвистикалық білімдер топтастырылған.
www.ahmettany.kz